RU
Толық нұсқаға өту

Елде инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр

03.08.2026, 10:45 39

Өңірлерде инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр. Ақмола және Ақтөбе облыстарында бірқатар теміржол вокзалдары жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Ғимараттар толық жаңартылып, күту залдары кеңейтілді.

Инженерлік желілер ауыстырылып, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалды. Алматы облысында жылына 3,5 миллион шина сақтауға арналған ірі логистикалық хаб жұмысын бастады. Түркістан облысында ұзындығы 39,3 шақырымдық "Тама-Тастанбек" топтық су құбыры іске қосылды. Нәтижесінде, Шардараның 31 мың тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылды. Ал Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында әлеуметтік осал топтағы 30 отбасы баспаналы болды. Биылғы жылдың аяғына дейін өңірде 900-ге жуық отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz