RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте жекеменшік тоғыз балабақшаның жұмысы тоқтатылды

03.08.2026, 13:40 32

Мониторинг барысында тәрбиешілердің жетіспеушілігі анықталып, санитариялық-эпидемиологиялық және қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны белгілі болды. Тексеру кезінде балаларды негізсіз шығару және бір балаға бірнеше жолдама беру сияқты заңбұзушылықтар да тіркелді.

Осыған байланысты балабақша иелері білім беру тапсырысын орындау құқығынан айырылды. Мамандардың айтуынша, саланы цифрландырудың арқасында мемлекеттік бақылау күшейтіліп, бюджет қаражатын басқару мүмкіндігі артқан. Айта кетейік, қазір өңірде 84 мың бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылса, 29 мыңнан астамы кезекте тұр. 

Қуаныш Ысқақов, қалалық Білім басқармасының басшысы:

- Мемлекеттік білім беру тапсырысын орындалуына мониторинг аясында 71 мемлекеттік, 212 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар тексерілді. Яғни, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде талапқа сай келмейтін 9 ұйымның қызметі тоқтатылып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру құқығынан айрылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz