Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының санын атады, деп хабарлайды 24kz.
Статистикалық ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 20 590 589 адамды құрады. 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтардың саны 90 767 адамға артқан.
Халық саны Алматы қаласында — 2 373 772 адамға және Түркістан облысында — 2 145 680 адамға жетіп, 2 миллионнан асты. (Бұл ретте жыл басынан бері Түркістан облысының халқы 3 525 адамға азайған.)
1 миллионнан астам қазақстандық тұратын өңірлер:
· Астана қаласы — 1 682 721 адам;
· Алматы облысы — 1 612 393 адам;
· Шымкент қаласы — 1 310 681 адам;
· Жамбыл облысы — 1 212 698 адам;
· Қарағанды облысы — 1 130 377 адам.
Халық саны ең аз өңірлер:
· Ұлытау облысы — 218 015 адам;
· Солтүстік Қазақстан облысы — 511 982 адам;
· Абай облысы — 592 895 адам.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан қалаларында 13 190 585 қазақстандық тұрған (саны 105 475 адамға артқан), ал ауылдық жерлерде 7 400 004 қазақстандық тұрған (саны 14 708 адамға азайған).
Тегтер #халық саны #статистика #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz