RU
Толық нұсқаға өту

Алматылық мотоцикл жүргізушісі былапыт сөздер айтқаны үшін 10 тәулікке қамалды

04.08.2026, 09:06 47

Алматыда мотоцикл тізгіндеген азамат қоғамдық тәртіпті әдейі бұзып, былапыт сөздер айтқан видеосын әлеуметтік желіге жариялаған. Полицейлер осыдан кейін оны қамауға алды, деп хабарлайды «24KZ».

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында құқық бұзушы жариялаған бейнероликті анықтаған.

Видеода мотоцикл жүргізуші қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жол қозғалысының өзге қатысушыларын арандатқан. Сондай-ақ былапыт сөздер айтқан. Ол Алматы қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

«Әлеуметтік желілерде заңға қайшы әрекеттерді жариялау жауапкершіліктен босатпайды. Керісінше, мұндай материалдар тексеру жүргізуге және заңда көзделген шараларды қабылдауға негіз болады», – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz