Олар спирттік ішімдіктерді сағат кешкі он бірден кейін саудалаған. Айыппұл көлемі 30 миллион теңгеден асады. Биыл өңірде қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, тәртіп бұзған 3 мыңнан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде мас күйде жасалған қылмыс саны 7,5 пайызға төмендеді.
Қайрат Бәйгебаев, ПД Басқарма бөлім бастығы:
- Өткен жылы 200 қылмыс болатын болса, ағымдағы жылдың 6 нәтижесі бойынша 185 қылмыс орын алған болатын. Полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері полиция қызметкерлері 43 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Олардың қатарында есірткі заттарын заңсыз сақтау және пайдалану, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың масаң күйде көлік басқару фактілері бар.
Тегтер #Жамбыл облысы #кәсіпкер #лицензияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz