RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Көпірден өзенге секірді: Өскеменде ер адамның мәйіті 21 шақырым жерден табылды

04.08.2026, 09:43 44

Өскеменде көпірден Ертіске секірген ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды «24KZ».

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 44 жастағы азамат 20 шілде күні Ертіс өзені үстіндегі көпірден суға секірген.

Осыдан кейін құтқарушылар оны іздеуге бірден кіріскен. Іздеу нәтижесінде марқұмның мәйіті оқиға орнынан шамамен 21 шақырым қашықта, Ертіс өзенінің Прапорщиково ауылы маңындағы тармағынан табылды.

Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын күн сайын жүргізген. Операция барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары, жүзу құралдары пайдаланылып, өзен жағалауы мұқият тексерілді.

Сонымен қатар сүңгуірлер су астына 26 рет түсіп, іздеу жұмыстарын жүргізген.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz