Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында температуралық режим мен ауа баптау жүйесінің жұмысы тексерілгеннен кейін қосымша ылғалдандыру функциясы бар 20 өнеркәсіптік желдеткіш орнату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды 24KZ.
Вокзал кезекшілеріне температуралық режимді тәулік бойы бақылау және жолаушылардың өтініштеріне жедел әрекет ету тапсырылды. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды.
Елордада қалыптасқан әдеттен тыс ыстық ауа-райы жағдайында ауаны баптау жүйесіне жүктеме айтарлықтай өсті. Қосымша жүктеме Астана-1 вокзалын жаңғыртуға байланысты Нұрлы жол вокзалына 16 жолаушылар пойызын уақытша ауыстырумен байланысты. Нәтижесінде жолаушылар ағыны 23% өсті, бұл салқындату жүйесіне жүктемені де арттырды, – деп түсіндірді ҚТЖ.
Компанияның мәліметінше, осыған байланысты жолаушылар ағыны 23%-ға артқан, бұл өз кезегінде салқындату жүйесіне түсетін жүктемені де көбейткен.
Тегтер #аптап ыстық #Астана #нұрлы жол вокзалы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz