Елімізде 2026 жылдың басынан бері есірткі жеткізудің 33 халықаралық және 11 өңірлік арнасының жолы кесіліп, үш жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды «24KZ».
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, операциялар барысында 3,2 келі героин, 8 келі метамфетамин, 70,6 келі апиын, 129,7 келі гашиш, 16 келі гашиш майы, 282 келі марихуана, 156,5 келі қарасора, 56,4 келі психотроптық зат, сондай-ақ 20 тонна көкнәр сабанының шикізаты мен 3,8 тоннадан астам прекурсор тәркіленді.
Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп 21 халықаралық есірткіге қарсы операция жүргізілді. Сонымен қатар шекаралас мемлекеттердің аумағында әрекет еткен халықаралық қылмыстық топтардың 14 қатысушысының жолы кесілді.
Аталған құқық бұзушылықтарға қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның 114 азаматы және жеті шетелдік ұсталды.
ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #есірткі қылмысы #3 зертхана #ҰҚК #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz