RU
Толық нұсқаға өту

Балалар медицинасында жоғары технологиялық ем көбейді

04.08.2026, 14:20 32

Соңғы екі жылда елде балаларға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндігі артты. Нәтижесінде шетелде емделуге берілетін жолдамалар саны 5 есе азайды. Ал жыл сайын 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық операция жасалады.

Сондай-ақ 400 балғынға есту импланты орнатылып, 700-ге жуық шала туған нәресте ретинопатияға байланысты ем қабылдады. Күрделі нейрохирургиялық диагнозы бар 40-тан астам бала "Гамма-пышақ" аппаратының көмегімен емделген. Министрліктің мәліметінше, биыл балаларға арналған протонды және радиойод терапиясымен емдеу әдістері енгізілді. Сондай-ақ гибридті нейрохирургиялық операциялық бөлімше іске қосылмақ. 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz