RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде кәмелетке толмағандардың жұмыс орны тексерілді

04.08.2026, 18:10 43

Өскемендік прокурорлар қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендерде арнайы рейд жүргізді. Нәтижесінде 25 кәсіпкерлік субъектісінде жасөспірімдердің еңбек келісім шартынсыз және уақыт есебінсіз жұмыс істегені анықталды.

Заң бұзған жұмыс берушілер 300 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл төлейді. Ал өндірісте жазатайым оқиғаға жол берген кәсіпкерге жаза қатаң. Мәселен, құрылыс материалдары зауытында жасөспірім ауыр жарақат алып, қолынан айырылған. Зардап шеккен баламен еңбек шарты жасалмаған болып шықты.

Бақытжан Ерболқызы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі:

- Бүгінгі таңда облыстық прокуратурамен және де еңбек инспекциясымен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізіп жатырмыз. Біздің мақсатымыз – кәмелетке толмаған жастардың өз құқықтарын білуді қамтамасыз ету, сонымен қатар жұмыс берушілердің заң талабын қатаң сақтауы. Өйткені жастардың қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында тұрады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz