RU
Толық нұсқаға өту

Елордада абаттандыру қағидатын 3 мың адам бұзған

04.08.2026, 23:00 25

Жыл басынан бері елордадағы Алматы ауданында тазалық талаптарын сақтамаған 3 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері аудан әкімдігімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында рейдтік бақылауды күшейтті.

Бұл жолы тексеріс «Жерұйық» саябағында өтті. Саябаққа күн сайын жүздеген адам келіп, табиғат аясында серуендеп, дастархан жайып отырады. Тексеру барысында демалушыларға қоғамдық орындардың тазалығын сақтау тәртібі түсіндірілді. Мұндай құқық бұзушылық алғаш рет анықталса, азаматтарға ескерту жасалады. Алайда бір жыл ішінде заң талаптары қайта бұзылса, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни биылғы мөлшермен 86 мың 500 теңге  айыппұл қарастырылған.

Арсен Серлікбаев, Қалалық ПД Алматы аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы:

- Республикалық экологиялық акция 2024 жылдан бері елімізде жүзеге асырылып келеді. Акцияның мақсаты экологиялық мәдениет қалыптастыру. Елді мекендердің тазалығын сақтау және абаттандыру қағидаларын қамтамасыз ету.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz