Біздің ел де су үнемдеу технологияларын енгізіп жатыр. Алматы облысында жаңаша жабдықталған алқаптардың жалпы аумағы 100 мың гектарға жетті. Тең жартысы жаңбырлатып, қалғаны тамшылатып суғарылады. Өңірде мұндай егіс алқаптарының аумағын жыл сайын 50 мың гектарға арттырып отыру жоспарланған. Мәселен, Іле ауданындағы Сорбұлақ көлінің маңында құны 1 жарым млрд теңгенің жаңбырлатып суғару құрылғысы орнатыла бастады. Ал Райымбек ауданының диқандары кооператив құрып, жалпы аумағы 500 гектар картоп алқабына осындай заманауи технологияны енгізген. Өнімді өткізу мәселесінде еш түйткіл жоқ.
Дулат Құлмамыров, кооператив төрағасы:
- Сарыбастау ауылдық округіндегі Қараой жазығы енді бұрынғы Совет одағынан бері богара, суармалы емес жер болып келген болатын. Мына Алматы облысындағы қолдау бағдарламасы жаңбырлатып суару жүйесіне беріліп жатқан 80 пайыздық субсидия бағдарламамен соның негізінде осы жаңбырлатып суғару жүйесін алып келіп, осы 500 гектарды суармалы жүйеге айналдырдық. Картошкаларымызды ектік. Арпа-бидай, дәнді дақыл, жоңышқа бәрі егіліп, қазір күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тегтер #Алматы облысы #Қонаев #су үнемдеу #су #үнемдеу #су үнемдеу технологиясы #ЖетісуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz