RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

«Әншілер – шайтанның азаншысы»: Тойда сөз сөйлеген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

05.08.2026, 09:22 35

Түркістан облысында тойда әйелдер мен ерлердің бірге отыруына қарсы даулы мәлімдеме жасаған Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «24KZ».

Жетісайдағы тойда түсірілген видео әлеуметтік желілерде тараған болатын. 

Қазақстан Ішкі істер министрлігі ресми мәлімдеме жасап, әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында полиция қызметкерлері Түркістан облысы  тұрғынының жария сөздері жазылған бейнежазбаны анықтағанын хабарлады.

Ол «Музыка – харам, әншілер – шайтанның азаншысы» деген мазмұнда уағыз айтқан.

Ішкі істер министрлігі бұл бейнежазбадан діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілерін анықтап, бірден іс қозғады. Ведомство Қазақстан Конституциясы бойынша әрбір азаматтың құқығы мен бостандығы тең екенін еске салды.

«Адамның ар-намысын қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулер, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді. ІІМ сөз бостандығы жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтеді. Заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық тұрғыдан қағидатты баға беріледі», – деп мәлімдеді министрлік.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz