RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Алматы қаласы ПД видеосынан скрин

Алматыда 22 жастағы тұрғыннан 357 орама психотроптық зат тәркіленді

05.08.2026, 10:49 44

Гаражды қоймаға айналдырып, автокөлік бөлшектерінің орнына психотроптық заттар сақтаған күдікті Алматыда ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.

Полиция мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Түрксіб ауданында Алматы облысының 22 жастағы тұрғынын ұстаған.

Күдікті жалға алған гаражды тексеру кезінде полицейлер сатуға дайындалған ұнтақ тәрізді зат салынған 70 ораманы тәркіледі.

Полиция мәліметінше, ұсталған азамат психотроптық заттарды Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында арнайы жасырын орындар арқылы таратқанын мойындаған. Ол бұған дейін дайындаған жасырын орындардың мекенжайларын көрсеткен.

Тергеу барысында полицейлер өнеркәсіптік база маңынан тағы 120 орама, сондай-ақ Баймағамбетов көшесіндегі үш жасырын орыннан 167 доза психотроптық зат тәркіледі.

Жалпы заңсыз айналымнан психотроптық зат болуы мүмкін 357 орама тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-химиялық сараптама тағайындалып, тәркіленген заттың құрамы мен нақты салмағы анықталатын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz