RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Шымкентте 3 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

05.08.2026, 12:46 70

Шымкентте тоғызыншы қабаттың терезесінен құлаған 3 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды «24KZ».

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Қаратау ауданындағы Нұрсәт шағынауданында болған.

2023 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кеткен. Алған жарақатынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, биыл Шымкентте балалардың терезеден құлауына байланысты 9 оқиға тіркелген. Салдарынан 4 бала көз жұмып, 5-еуі түрлі дәрежеде жарақаттанған.

Департамент өкілдері ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz