Целиноград ауданындағы 3 гектар жерге қатты тұрмыстық қалдық жинап, заңсыз сақтаған кәсіпкердің үстінен әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде ол кінәлі деп танылып, 3 миллион теңгеден астам айыппұл арқалады. Сот шешімімен қызметі 6 айға тоқтатылды.
Жалпы Ақмола облысында қоршаған ортаға зиян келтіріп, экологиялық заңнаманы белден басатындар азаймай тұр. Бүгінде аймақтағы Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы заңсыздықтардың жолын кесіп, тұрғындарды «Таза Қазақстан» экологиялық науқанын қолдауға шақырады.
Тегтер #Таза Қазақстан #қоршаған орта #зиян келтіретіндер #тұрмыстық қалдықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz