RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Еліміздің ірі қалаларында жаңбыр мен аптап ыстық күтіледі

05.08.2026, 14:45 35

 «Қазгидромет» РМК Астана, Алматы және Шымкент қалаларына 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 24KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада 6 тамызға қараған түні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +26…+28 градусқа дейін көтеріледі. Ал 7-8 тамызда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. 8 тамызда күндіз ауа температурасы +28…+30 градусқа дейін жылынады.

Алматыда 6 тамызда аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы +29…+31 градус болады. 7 тамыз жауын-шашынсыз өтеді. Ал 8 тамызда күндіз қайтадан өткінші жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Бұл күндері ауа температурасы +31…+33 градус шамасында сақталады.

Шымкентте 6 және 7 тамызда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы +32…+36 градус аралығында болады. 8 тамызда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы +36…+38 градусқа дейін көтеріледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz