Қазақстандықтар енді үй жануарларының цифрлық паспортын eGov Mobile қосымшасы арқылы пайдалана алады, деп хабарлайды 24kz.
Жаңа қызметтің арқасында азаматтарға үй жануарларының қағаз түріндегі паспортын өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Цифрлық құжатта жануар туралы негізгі мәліметтер, вакцинациясы және басқа да маңызды ақпарат көрсетіледі.
eGov Mobile қосымшасы арқылы үй жануарыңыздың цифрлық төлқұжатын бірнеше секундта қарап, қажет болған жағдайда көрсете аласыз, – деп мәлімдеді eGov.kz баспасөз қызметі.
Цифрлық паспортты көру үшін eGov Mobile қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, «Басқа құжаттар» санатынан «Үй жануарларының төлқұжатын» бөлімін таңдау қажет.
Тегтер #үй жануарлары #төлқұжат #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz