Өскеменде бұршақ араласқан жаңбыр жауып,дауыл соғып қаланың іші әп-сәтте астаң-кестең болды.
Екпінді жел көше бойындағы ағаштарды да құлатты. Кейбір тұрғындардың көліктерін ағаш басып қалса, кейбірінің терезесін бұршақ тесіп тастаған. Қазір шығын көлемі анықталуда. Күрт бұзылған ауа райының кесірінен бір мезетте 25 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды. Бағдаршамдар істен шығып, кептеліс туындады. Суағарлар нөсерге төтеп бере алмай, Михаэлис, Қазақстан, Сафонов көшелерін жауын суы басты. Қазір қаланың коммуналдық шаруашылығы күшейтілген режімдегі жұмысқа көшті. Дауыл салдарын жоюға аварииялық қызмет пен аумақтық басқару орталығынан жалпы 300-ден астам адам, 40-тан астам техника жұмылдырылды. Жайылған суды сорып тазалау шаралары жүргізілуде. Электр қуаты біртіндеп қалыпқа келтіріліп жатыр.
Алмат Ақышов, Өскемен қаласының әкімі:
- 28 м/с қатты жел кесірінен және онымен бірге жүрген қатты жауын сосын бұршақ жауу себебінен қалада қолайсыз жағдайлдар орын алып отыр. 25 мың адам жарықсыз қалып отыр, 15 үлкен ағаш құлауы фактісі бар. Кейбір жолдар жабық. Кейбір жолдарда суағарлар үлгірмей жатыр. Сондықтан халықты сабырлыққа шақырамын, барлық бригадалар жұмыс істеп жатыр және бүгінгі күні барлық тоқ беріледі, жолдардың барлығы тазартылатын болады.
Тегтер #Өскемен #бұршақ #жаңбыр #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz