RU
Толық нұсқаға өту

СҚО-дағы су құбырлары жаңғыртылады

06.08.2026, 09:55 33

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдарды сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2 млрд  700 млн теңге бөлді. Қаражат Арнаулы мемлекеттік қордан Преснов және Соколов топтық су құбырларын жөндеуге бағытталады. Жоба нәтижесінде Есіл, Мамлют, Жамбыл және Қызылжар аудандарындағы 53 елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылмақ.

Өңірде ұзындығы 3 мың шақырымнан асатын елдегі ең ірі топтық су құбырлары желісі орналасқан. Ол 175 мың адам тұратын 229 ауылды сумен қамтамасыз етеді. Былтыр су инфрақұрылымын дамытуға 45 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 48 жоба қаржыландырылды. 2024-2026 жылдары құны 610 млрд теңге болатын 500-ден астам әлеуметтік жобаға қолдау көретілді. Оның 267-сі су желілерін дамытуға бағытталған.

Жандос Сәлімов, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:

- Преснов топтық су құбырын реконструкциялау жобасы Есіл, Мамлют және Жамбыл аудандарындағы 43 елді мекенді. Бұл ауылдарда 34,5 мың адам тұрады. Қазір 171 шақырым магистральдық су құбыры мен тарату желілері, сондай-ақ 46 шақырым ауылішілік су желілері тартылды. Соколов топтық су құбырын реконструкциялаудың екінші кезеңі Қызылжар ауданындағы 10 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосуды көздейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz