RU
Толық нұсқаға өту

Елде мерзімді әскери қызметке шақырылған матростар сүңгуір қызметінің қыр-сырын меңгереді

06.08.2026, 10:05 36

Бұған дейін мұндай жаттығуларға келісімшарт негізінде әскерге қабылданғандар ғана жіберілетін. Енді жас теңізшілер де Ақтаудағы әскери сүңгуірлер даярлық өткізетін оқу кешенінде біліктілігін арттырады. Тереңдікке сүңгу, су астында әрекет ету дағдыларын арнамыздың түсірілім тобы көріп келді. 

Айдын Әбдиев Ақтөбе өңірінен әскерге шақырылған. 20 жастағы матрос алғаш рет әскери сүңгуірдің костюмін киіп, құрал-жабдығымен танысты. Нұсқаушы тереңдікке сүңгу алдында ым-ишарамен белгі беру тәсілдерін көрсетіп, су астында үрейге бой алдырмауға шақырды.   

Айдын Садиев , матрос:

- Суға бірінші рет түскен кездегі сезім бөлек. Мүлдем басқаша. Кірген кезде қысым да бар. Бірақ біз мұның барлығына дайындалдық. Судың астында қалай дем алу керек, сыртқы және ішкі қысымды қалай теңестіру керек барлығын үйретті.

Жас теңізшілер әскери сүңгуірлер күнделікті шынығатын оқу кешеніне келмес бұрын теориялық сабақтардан сынақ тапсырған. Су астына түскен соң әр матростың өзін-өзі ұстауы, берілген тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындауы есепке алынады. Жастарды жауапты әрі қауіпті қызметке 12 жылдық тәжірибесі бар офицер жаттықтырады.  

Жәнібек Ғазизов , ҚР ӘТК №29011 Ә/Б оқу-жаттығу кешенінің бастығы:

- Алғаш рет мерзімді әскери қызметшілерді, біздің әскери-теңіз күштерінің матростарын дайындап жатырмыз. Қалауы бойынша қызметке қаламын десе, осы сүңгуірлер бойынша білімдерін артыруына болады. Біз оларды оқытып, белгілі бір өзінің сыныптылықтары бар. Көтерілетін кфалификацияс бар. Сол бойынша оқып, өз деңгейін көтереді.

Оқу бағдарламасының келесі әрі ең күрделі кезеңінде сүңгуірлер кезекпен-кезек барокамерадан өтеді. Оған кірген адамның ағзасы шынайы су астындағыдай қысымды сезінеді. Одан сүрінбей өткендерге теңіз түбіне түсуге рұқсат беріледі.

Ұзақтығы 14 күндік курста еліміздің әскери-теңіз күштерінің инженер-саперлік взводы қатысып, біліктілігін артыруда. Сүңгуірлердің базалық дайындығынан өткен матростар өз бөліміне оралып, қызметін жалғастырады.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz