RU
Толық нұсқаға өту
фото: Өскемен қаласы әкімдігі

Дүлей дауыл: Өскеменде 25 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды

06.08.2026, 10:44 298

Өскемен қаласында қолайсыз ауа райының салдарынан шамамен 25 мың абонент жарықсыз қалды, деп хабарлайды «24KZ».

Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, қалада секундына 28 метрге дейін қатты жел соғып, жаңбыр жауып, найзағай ойнаған. Салдарынан шамамен 15 ағаш құлап, электр желілеріне зақым келген.

«Қолайсыз ауа райына байланысты қалада 15 ағаш құлады. Соның салдарынан қала бойынша 25 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз қалды», деді Алмат Ақышов.

Қазіргі уақытта жағдайдың жеке бақылауда екендігін жеткізген шаһар басшысы оқиға орындарында жедел және апаттық-қалпына келтіру бригадалары жұмыс істеп жатқандығын атап өтті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz