RU
Толық нұсқаға өту

Елде дәрігерлерді даярлау тәртібі өзгереді

06.08.2026, 13:02 39

Елімізде 8 мыңнан астам медицина маманы тапшы. Түйткілді шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі жаңа бұйрық бекітті. Енді саладағы кадрларды даярлау тәртібі өзгеріп, ақ халаттылар әр өңірдегі қажеттілікке байланысты әзірленеді.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерді даярлаудың жаңа тәртібін бекітті. Бүгінге дейін медициналық университеттердегі 6 жыл оқу үрдісінде интернатура мен магистратураның элементтері көбіне теориялық тұрғыда қамтылып келген еді. Ал жаңашылдыққа сәйкес, енді студенттердің клиникалық тәжірибе жинақтауы артады. Яғни дәрігер-интерн – тәлімгердің жетекішілігімен ресми жұмыс істеп, науқастарды бірігіп емдейді.

Ұлмира Нұралиева, ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары:

- Бұл жерде дәрігер-интерннің статусы күшейтіліп отыр. Оның клиникадағы орны анықталады, олардың ақпараттық жүйелерге қосылуы, кәсіптік сақтандыру –  осы нормалармен ең алғаш бекітіліп отыр. Жалпы осы жаңа жүйе клиникалық-практикалық даярлауды күшейтуге бағытталған.

Енді Денсаулық сақтау министрлігі елдің барлық өңіріндегі медицина мамандарының тапшылығын анықтап, соған сәйкес грант бөледі. Қазіргі көрсеткішті атасақ, республикада терапевт, жалпы тәжірибелі дәрігер, сәулелік диагностика дәрігері, акушер-гинеколог, хирург және педиатрлар тапшылығы байқалады.

Ұлмира Нұралиева, ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары:

- Барлық өңірлерден қажеттілік жиналады. Өңірлер берген ақпарат жинастырылып, соған сәйкес мемлекеттік тапсырысты бөлеміз. Әрбір қажетті дәрігер мемлекеттік тапсырысқа енгізіледі. Бұл да осы жылдан бастап міндетті түрде бұйрық арқылы бекітілетін болады. +06.35-06.55/ Дәрігерлердің қазіргі тапшылығы 3896 құрайды. Яғни бұл республика деңгейінде. Жеке өңірге келсек, кадр тапшылығы жоғары үлкен қалалар – Астана, Алматы қалалары.

Сарапшылар: «Әрбір бесінші медицина қызметкерінің зейнет жасына жақын тұрғанын айтады. Сондықтан министрліктің бекіткен бұйрығы мәселені шешіп, саладағы кадр тапшылығын сәтті жояды», - дейді.

Бағай Назарбайұлы, академик Е. Даленов атындағы Ғылыми-зерттеу институтының аға оқытушысы:

- Қазіргі әлемдік талаптарға сәйкес өзгеру орынды және дұрыс деп санаймын. Мамандарды заманауи технологияға бейімдеу, теориялық негізін дұрыс қалыптастыру арқылы жаңа емдеу үрдісін меңгеру, үйрену, әрі қарай жұмысты сапалы істеу – дұрыс. Сонымен бірге еліміздегі алыс шалғай өңірлерде мамандар жетіспейтін жағдайда сонда қарай бейімдеп оқытып, даярлау – дұрыс деп санаймын.

Жаңа оқу жылынан бастап медицина мамандарын даярлау инфрақұрылымы да күшейтіледі. Дәлірек айтсақ, университеттік клиникалар жаңартылып, оқу базаларына бірыңғай талаптар енгізу көзделіп отыр.

Авторлары: Альмира Оразбай Диас Ковланбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz