RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Қазақстан Орталық Азиядағы өркендеген елдер рейтингінде көш бастады

06.08.2026, 15:07 40

Қазақстан британдық Legatum Institute аналитикалық орталығы жариялаған Legatum Prosperity Index жаһандық рейтингінде 167 елдің арасында 66-орынға тұрақтап, Орталық Азия мемлекеттерінің арасында үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды «24KZ».

Legatum Prosperity Index 2007 жылдан бері жыл сайын жарияланып келеді. Тек экономикалық көрсеткіштерге ғана сүйенетін басқа рейтингтерден айырмашылығы, бұл зерттеу елдердің әл-ауқатын кең ауқымда – материалдық игіліктер мен әлеуметтік факторларды қатар ескере отырып бағалайды.

Аналитиктер мемлекеттерді үш негізгі бағыт бойынша саралайды:

  • Инклюзивті қоғам

  • Ашық экономика

  • Адамдардың бостандығын кеңейту

Зерттеу барысында денсаулық сақтау мен білім беру сапасынан бастап, инвестициялық климат пен әлеуметтік жағдайға дейінгі ондаған көрсеткіш есепке алынады.

Жаһандық рейтингте Қазақстан 66,37 балл жинап, 66-орынға ие болды. Өңірдегі көршілес мемлекеттер төменгі сатыларда орналасқан:

  • Қазақстан – 66-орын

  • Қырғызстан – 87-орын

  • Өзбекстан – 94-орын

  • Тәжікстан – 129-орын

  • Түрікменстан – 150-орын

Осылайша, Қазақстан ең жақын көршісі Қырғызстанды 21 сатыға артта қалдырып отыр. Жалпы көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 17 позицияға жоғарылаған.

 

Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның ең мықты тұстары ретінде төмендегі бағыттар аталды:

  • Білім беру саласы: Ел бұл бағыт бойынша әлемде 32-орынды иеленді.

  • Отбасылық байланыстар және қоғам тұтастығы: Бұл көрсеткіш бойынша республика 30-орында тұр.

 

Жаһандық рейтингтің көш басын Швейцария (91,82 балл) бастады. Екінші орынға Норвегия (91,07 балл) жайғасса, үштікті Ирландия (90,19 балл) түйіндеді.

Сондай-ақ ең өркендеген елдердің ондығына Дания, Финляндия, Исландия, Швеция, Германия, Австралия және Нидерланды кірді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz