RU
Толық нұсқаға өту

Астанада 150 жас суретші бір мезетте Абайдың портретін салды

06.08.2026, 16:17 38

Астанада Абай күніне орайластырылған ауқымды шығармашылық акция өтіп, шамамен 150 жас өнерпаз ұлы ақынның портретін бір мезгілде бейнеледі, деп хабарлайды «24KZ».

Абай күні қарсаңында ұйымдастырылған «Абай әлемі балалар көзімен» атты бұл шара Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда өтті. Оған елордадағы жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысты.

Жас суретшілер ұлы ойшылдың өмірбаяны, шығармалары, пейзаждық лирикасы, «Қара сөздері» мен рухани мұрасынан шабыт алып, Абайдың бейнесін кенеп бетіне түсірді. Балалар өз жұмыстары арқылы ақынның қазақ халқының тарихы мен рухани мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесін көрсетуге тырысты.

Арт-акция қорытындысы бойынша ең үздік туындылар арнайы көрмеге қойылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш жоба өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға, Абай мұрасын бейнелеу өнері арқылы насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ шара балалардың талантын ұштауға, эстетикалық талғамды қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының қағидаттарын ілгерілетуге және дарынды жастарды қолдауға үлес қосады.

Айта кетейік, мерекелік шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz