RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жауапкершілікке тартылды

06.08.2026, 17:16 39

Абай облысының полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған азаматты анықтады. TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер қолданып, дөрекілік көрсеткен әйелдің Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны Жанат Әбеуова екені белгілі болды, деп хабарлайды «24KZ».

Әлеуметтік желідегі орынсыз әрекеттер мен мәдениетсіздік желі қолданушыларының орынды наразылығын тудырған болатын. Құқық қорғау органдары бұл жайтты назарға алып, жедел түрде тиісті шаралар қабылдады.

Бұл іс сотта қаралып, нәтижесінде құқық бұзушыға қатысты әкімшілік шара қолданылды. Сот шешімімен азаматшаға көлемді айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі қолданушыларын эфир кезінде этика нормаларын қатаң сақтауға, ортақ мәдениетті бұзбауға және кез келген заңсыз әрекет үшін жауапкершілік бар екенін ұмытпауға шақырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz