RU
Толық нұсқаға өту

Елде 104 мың бос жұмыс орны жарияланды

06.08.2026, 20:30 28

Биыл шілде айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104 мыңнан аса бос жұмыс орнын жариялады. Ал жұмыс іздеушілер 141 мың түйіндеме орналастырған.

Маусым айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,8 пайызға азайса, түйіндемелер саны 11 жарым пайызға артқан. Мамандар мұны жаз мезгіліндегі маусымдық үрдіспен байланыстырады. Бұл кезеңде оқу орындарының түлектері еңбек нарығына белсенді шығып, жұмыс іздеушілер саны көбейеді, - дейді. Электрондық еңбек биржасының  мәліметінше, шілде айында ең жоғары жалақы бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспектор, сондай-ақ маркетинг және өнім өткізу бөлімі бастығының орынбасарына ұсынылған. Ал жұмыс іздеушілер ұшқыш, стюардесса, электр станциясының бастығы қызметтерінен жоғары жалақы күткен.

Жұмыс орны жарияланды - 104,6 мың
Түйіндеме орналастырды - 141,2 мың

Ең жоғары жалақы ұсынылған:

Бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы – 1,12 млн теңге

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспектор – 910 мың теңге

Маркетинг және өнім өткізу бөлімі бастығының орынбасары – 900 мың теңге

Жұмыс іздеушілердің ең жоғары жалақы күткені:

Ұшқыш – 2,39 млн теңге

Стюардесса – 1,43 млн теңге

Электр станциясының бастығы – 1,32 млн теңге

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz