RU
Толық нұсқаға өту

«Самұрық-Қазына» қолдауымен балалар арасында пара жүзуден турнир өтті

06.08.2026, 21:40 44

Елордада ерекше балалардың спорттағы мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған ауқымды дода өтіп жатыр.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылған «Samruk Alaman» республикалық пара жүзу турниріне еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар жиналды. 7 мен 14 жас аралығындағы тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті бұзылған, сондай-ақ зияткерлік даму ерекшелігі бар балалар өзара бақ сынауда. Жарыстың басты мақсаты - балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың әлеуетін қолдау. 

«Samruk Alaman» турнирі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының 20 жылдығына және қордың бірыңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» қорының 10 жылдығына орай ұйымдастырылды. Бұған дейін жарыстар 5 өңірде өткен. Елордадағы сайысқа еліміздің 15 қаласынан келген жүзден астам жас параспортшы қатысып, өз шеберлігін сынға салды.

Шолпан Айтпаева, қала тұрғыны:

- Менің балам спортпен 6 жасынан бері айналысады. Қазір балам 13-те. 4-5 жыл кәсіби тұрғыда айналысамыз. Жетістіктері көп. «Самұрық-Қазынаның» бізге көп көмегі тиді. Балалар үшін «Самұрық-Қазына» көп шаралар өткізеді.

«Самұрық-Қазына» қоры инклюзия мен спорт салаларына тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Өңірлердегі спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 19 спорт кешені пайдалануға берілді. Биыл Ақтөбе облысында инклюзивті спорт орталығы ашылса, Павлодар, Петропавл және Атырау қалаларында дәл осындай нысандардың құрылысы жүріп жатыр.

Ғибрат Ауғанов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры:

- «Самұрық-Қазына» қоры бүкіл жағдайларды жасап тұр. Оңалту орталықтары, білім саласына. Біздің балалар оңалту орталықтарынан өткеннен кейін 31 инклюзиялық кабинет аштық. Балаларымыз тең ортада білім алу үшін.

Бүгінде Қор қолдауымен ел бойынша 55 оңалту ашылып, онда жыл сайын 21 мыңнан астам бала кешенді көмек алады. Ерекше балаларға арналған спорт лагерь мен инклюзивті секциялар жұмыс істейді.

Авторлары: Дариға Ташенова, Ғалымжан Абдылахат, Искандер Серғалиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz