Халықаралық шара 12 тамыз - Каспий күніне дейін жалғасады. Осы аралықта бауырлас мемлекеттердің волонтер жастары теңіз жағалауында ауқымды тазалық және абаттандыру шараларын өткізіп, алып су айдынын сақтап қалуға бағытталған жобаларын ұсынады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2026 жылды халықаралық еріктілер жылы деп жариялағаны мәлім. «Стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Мемлекет басшысы Каспий маңы елдерін теңіздің экожүйесін сақтап қалу жолында жұмыла әрекет етуге шақырды. Соның нәтижесінде қабылданған шешім Қазақстанның жаһандық экологиялық және еріктілер қозғалысындағы көшбасшы ел екенін айқындап берді», - дейді шараға қатысушылар.
Абдуллах Хусанов , волонтерлік ұйым өкілі:
- Бұл апталықта бауырлас елдердің волонтер жастары болып Ақтауда бас қосуымыздың өзі тарихи сәт. Көп болып кеңес келе Каспий маңы елдеріне ортақ су айдынын сақтап қалудың бір емес бірнеше шешімін табуға болатына сенімдіміз.
Бауыржан Жұмат , ұлттық волонтёрлер фронт-офисінің үйлестірушісі:
- Сәуір айында экологиялық саммит өткен болатын, республикалық. Сол саммит аясында осы мемлекеттердің барлығы қол қойған болатын меморандумға. Каспийде осындай апталық өткіземіз. Осы апталыққа бәрімізді шақырамыз деп. Сол кезде Маңғыстау облысы да жариялаған болатын.
Әзербайжан, Иран Ислам Республикасы, Түркіменстан, Ресей, қырғыз-өзбек және Тәжікстаннан келген волонтерлік ұйымдарға аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбай жаһандық апталық жоспарымен таныстырды.
Нұрдәулет Қилыбай , облыс әкімі:
- Апталық аясында экологиялық акциялар, халықаралық хакатон, сарапшылардың кездесулері, жастар алаңдары ұйымдастырылып, Каспий маңы мемлекеттерінің «Достық» аллеясы ашылады. Ал ««Caspian Clean Challenge» халықаралық тазалық марафоны Каспийді қорғаудағы ортақ жауапкершілігіміздің жарқын белгісі болмақ.
Апталық соңында Каспий теңізі экожүйесін тұрақты дамыту әрі биоалуантүрлілігін сақтау бағытында бірлескен шешімдер қабылданатын қорытынды саммит өтеді деп күтіледі.
Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев
Тегтер #Ақтау #Caspian Sea Action Week2026 #апталықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz