RU
Толық нұсқаға өту

БҚО тұрғыны криптовалютамен заңсыз айналысқан

07.08.2026, 19:45 42

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін айыпты деп танылды.

Ол 2022 жылдың маусым айынан 2025 жылдың шілдесіне дейін биржалық платформа арқылы криптовалюта саудасымен жүйелі түрде жүзеге асырған. Бұл қызметті тиісті лицензиясыз жүргізіп, 155 миллион теңге көлемінде заңсыз пайда көрген. Сонымен қатар сотталушының қаржылық пирамидаға қатысы бар боп шықты.

Лаура Оразғалиева, экономикалық тергеп тексеру департаментінің аға тергеушісі:

- Сол тұлғаның «Имрат групп» қаржылық пирамидасына қатысы анықталды. Яғни сол кісі қаржы пирамидасының салымшыларының қаржыларын криптовалютаға айналдырған. Соның ішінде 82 млн салымшыларының ақшасы. Соттың шешімі бойынша заңсыз кәсіпкерлікте кінәлі деп танылып, бірақ амнистияға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz