Жетісу облысында арнайы рейд барысында полицейлер құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру және тиеу фактісін анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға орнында табиғи материалды заңсыз тиеуге қолданылған трактор мен екі жүк көлігі анықталды. Трактор арнайы тұраққа қойылды.
Аталған факт бойынша қажетті материалдар жинақталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін Жетісу облысы бойынша экология департаментіне жолданады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Жетісу облысы #полиция #қылмыс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz