RU
Толық нұсқаға өту

Өкпе обырының алдын алу шараларын түсіндіру апталығы басталды

10.08.2026, 10:45 278

Профилактикалық іс-шара аясында 1 мың 600-ден астам адамды компьютерлік томографиядан өткізу жоспарланған. Мұнда жасы 50-ден асқан, 15 жылдан аса шылым шеккен азаматтар тексеруден өтеді.

Зиянды өндіріс қызметкерлеріне де диагностикадан өту ұсынылады. Пилоттық жоба шеңберінде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл және Ұлытау облыстарында скрининг жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, жыл сайын елде өкпе қатерлі ісігінен 4 мыңға жуық адам зардап шегеді. 2 мыңға жуық науқас көз жұмады. Кеселге шалдыққандардың 70 пайыздан астамы дәрігерге дерт асқынған кезде қаралған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz