Қаржылық мониторинг агенттігі Өзбекстан азаматы, «Маха.dxb» лақап атымен танымал блогер Махмуд Хикматовқа халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды 24KZ.
Агенттік мәліметінше, сот Хикматовқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпас шараны санкциялаған.
Ол «SultanGames», «PINCO», «Nomadcasino», «Pin-Up», «Vavada» және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалауға қатысы бар деген күдікке ілінген.
Қазақстан Республикасының аумағында интернет-казиноның заңсыз интерфейсін ұсыну, ақшалай қаражатты қабылдау және төлеу (эквайринг, мобильді коммерция, криптовалюта), сондай-ақ ел азаматтарының барынша көп санын ойынға тартуға бағытталған жарнаманы тарату бойынша тұрақты схема жұмыс істеген, деп мәлімдеді ҚМА.
Тергеу нұсқасына сәйкес, интернет-казиноларды жарнамалау үшін Хикматов Қазақстанда қызмет ететін инфлюенсерлерді тартқан. Ол блогерлерден әлеуметтік желілердегі аудиториясының демографиялық және географиялық көрсеткіштерін, сондай-ақ жарияланымдардың қамту статистикасын сұратқан. Осы мәліметтер негізінде жарнама құны анықталған.
Агенттік дерегінше, Хикматов 35-тен астам блогерді тартқан. Олардың арасында блогер Қ. Қамза да болған.
Тегтер #ҚМА #халықаралық іздеу #24жаңалықтар #24KZАудиториясының кең болуын пайдаланып, Қ.Қамза Қазақстан азаматтарын тыйым салынған құмар ойындарға қатысуға қасақана тартқан. Ол интернет-казиноларға сілтемелер жариялап, әрбір пайдаланушының сілтеме арқылы өтуі үшін сыйақы алып отырған, деді ҚМА баспасөз қызметі.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz