FlyArystan әуе компаниясы Ақтау–Дубай–Ақтау бағытындағы рейстердің орындалуын 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін тоқтатты, деп хабарлайды 24KZ.
Әуе тасымалдаушысы бұл шешімді Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуымен түсіндірді.
Бұған дейін Ақтау мен Дубай арасындағы рейстерді 29 тамызға дейін орындамау жоспарланған болатын. Енді шектеу мерзімі тағы екі аптадан астам уақытқа ұзартылды.
FlyArystan әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты Ақтау — Дубай — Ақтау бағыты бойынша рейстердің орындалуын уақытша тоқтату мерзімі 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ұзартылғанын хабарлайды, деп мәлімдеді FlyArystan әуе компаниясы.
Жолаушылар не істей алады?
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттердің құнын айыппұлсыз толық көлемде билетті сатып алған орны бойынша қайтару қолжетімді.
Әуе компаниясы рейстердің қайта орындалу мерзімін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты өзгертуі мүмкін.
Тегтер #Дубай #Таяу Шығыс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz