Елде Абай есімді 19 мыңға жуық адам бар. Бір қызығы, олардың 9-ы – әйел. Абайлардың көбі Астанада, сондай-ақ Түркістан облысы мен Алматы қаласында тұрып жатыр. Ең жасы үлкен тұрғын 1932 жылы дүниеге келген.
Хакімнің есімін сәбилеріне беріп жатқандар қазір де көп. Биылдың өзінде 90 бала өмірге келді. Сондай-ақ елде Ибраһим есімді 38 мыңға жуық адам тіркелген.
Ал ойшылдың атын иеленген аудан-қалалар да баршылық. Бүгінде ұлы ақынның құрметіне 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл аталған.
Тегтер #Абай #сәби #есім #ИбраһимPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz