RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Алматыда «Сергек» камералары жол ережесін бұзған самокатшыларды анықтайды

10.08.2026, 15:41 61

Электросамокат жүргізушілері де «Сергек» бақылауына алынуы мүмкін. Жүйе олардың жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерін анықтауға көмектеседі, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

Оның сөзінше, заңнамаға енгізілген жаңа талаптардан кейін электросамокат толыққанды көлік құралы ретінде танылды. Осыған байланысты самокат жүргізушілері мен кикшеринг компанияларына бірқатар міндет жүктелді.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, осы жүйелердің қатарында «Сергек» те бар. Деректерді біріктіру аяқталғаннан кейін камералар электросамокат жүргізушілері жасаған құқық бұзушылықтарды анықтай алады.

Жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзған 18 мыңнан астам электросамокат пайдаланушысы жауапкершілікке тартылған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz