Жамбыл облысында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде бірнеше мәрте балағат сөйлеп, айыппұл арқалаған әйел адам психикалық орталыққа жатқызылды, деп хабарлайды «24KZ».
Облыстық ПД мәліметінше, TikTok әлеуметтік желісінде «Золотая женщина» лақап атымен танылған Байзақ ауданының 41 жастағы тұрғыны Лайло Қасымова тікелей эфирлер барысында балағат сөздер қолданғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бірнеше мәрте ескерту жасалып, профилактикалық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, әйел мұндай әрекеттерін жалғастыра берген. Ол өзінің кәмелетке толмаған балаларына қатысты да балағат сөздер айтқан.
«Полиция, қорғаншылық және қамқоршылық органдары мен басқа да мүдделі қызметтердің қатысуымен балалардың тәрбиелену және тұру жағдайларына тексеру жүргізілді. Қазіргі уақытта балалар әкесінің қарауында. Жедел медициналық жәрдем бригадасының тексеруінен кейін Лайло Қасымова ем қабылдау үшін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды», – делінген хабарламада.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Жамбыл облысы #әлеуметтік желі #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz