RU
Толық нұсқаға өту

Жұмысқа орналасу үдерісі жеңілдейді

10.08.2026, 17:40 34

Енді елдегі Мансап орталықтары әр жұмыссыз азаматтың екі қолға бір күрек табу процесін сүйемелдейді. Яғни адамдарды тек есепке қоя салмай, оның нақты қарекетпен қамтылуына дейін бастан-аяқ қолдау көрсетеді.

Мамандар орталыққа жүгінгендердің бейінін анықтап, еңбек шартын жасау үдерісін жеке бақылауына алады. Қазір мемлекет республикадағы еңбек нарығының тиімділігін арттырып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ден қойып отыр. Бұл мақсатта тіпті арнайы цифрлық платформаны іске қосты. Жасанды интеллектіге негізделген жаңа жүйе қазір Павлодар облысында сынақтан өтіп жатыр.

Төлеу Мұхтар, ҚР ЕХӘҚМ Жұмыспен қамту департаментінің директоры:

- Пилоттық түрде «Цифрлық жұмыспен қамту»  қызметін қостық. Бұл ЖИ көмегімен жұмыссыз азаматтардың профилін анықтап, соған байланысты бос жұмыс орындарын ұсынамыз. Бос жұмыс орындарын ЖИ-агент жұмыс орындарын тұрғылықты жері бойынша ұсынады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz