RU
Толық нұсқаға өту

Арқалықта теміржол вокзалы ашылды

10.08.2026, 20:00 35

Қостанай облысында теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. Өңірде 6 перрон мен оған іргелес ғимараттар жөндеуден өтіп жатыр.

Қазірдің өзінде көлік инфрақұрылымының 4 нысаны пайдалануға берілді. Арқалық қаласында инженерлік желілер мен коммуникациялар толық жаңартылып, перрон мен жолаушыларға қызмет көрсететін 3 қабатты ғимарат заман талабына сай қайта жаңғырды. Вокзал тәулігіне 800-ден астам жолаушыны қабылдайды. Астана бағытына сұраныстың артуына байланысты қалада «Нұрлы Жол - Арқалық» қосымша бағыты іске қосылды. 250 орынға арналған жаңа пойыз күн сайын қатынайды.

Мұрат Төрегелдин, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Бұл пойыз отандық вогондардан құралады. Пойызда біз алғаш рет қазір пилоттық түрде интернетті жібердік, бұл STARLINK жүйесі арқылы. Сонымен қоса, пойызда адамдарға арналған мультимедиа контенті бар. Одан басқа биотуалеттермен, USB қосылғыштармен, бәрімен орнатылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz