Семей қаласында Абай күні Мемлекеттік рәміздер алаңы ашылды. Жаңа нысан - «Абайға құрмет» акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысының өңірге жасаған сыйлығы.
Жаңадан салынған алаңда ресми рәсімдер өтетін болады.
Семейде Абай күніне орай Бейбітшілік аралында Рәміздер алаңы ашылды. Жаңарған алаңда еліміздің басты мемлекеттік рәміздері орнатылды. Алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы желбіреген биіктігі 35 метрлік ту тұғыры бой көтерді. Оның жанында Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Гимннің мәтіні орнатылған. Қоғамдық кеңістіктің аумағы да абаттандырылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды.
Берік Уәли, Абай облысының әкімі:
- Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен, тапырмасымен «Абайға құрмет» акциясы қолға алынған болатын. «Абайға құрмет» акциясын алғашқылардың бірі болып қолдап, қуаттаған СҚО болатын. Бүгін Ұлы ақынның туған күнінде Солтүстік Қазақстан облысының өңірімізге сыйлығы, тамаша тартуы Рәміздер алаңын ашқалы отырмыз.
Нұрлан Кеңесов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
- СҚО-ның Абай еліне жасаған тартуы жай ғана жаңа нысан емес. Бұл Ұлы Абайға деген тағзымның, ұлттық құндылықтарға деген құрметтің және өңіраралық достықтың жарқын белгісі. Бүгін біз мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесін асқақтатын рәміздер аланының ашылуына куә болып отырмыз.
Мерекеге Семей қаласының тұрғындары ғана емес, өзге өңірлерден келген қонақтар, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері де жиналды.
Жангелді Тәжин, Петропавл қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Делегация қарсы алып, шет елдің қонақтарын қарсы алғанбыз. Абайдың ұлылығына, елінің, жерінің қасиетіне тәнті болғанбыз. Қашан да Абайдың айтқан сөзі біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі дос деген ғой. Абай ұлылығы сонда. Осы күнге дейін біз Абайдың сөзін жаттап айтамыз. Оның мәні философиялық терең мағынасы бүгінгі күнге дәл кеп тұр.
Мемлекеттік рәміздер алаңы Семей тұрғындары мен қала қонақтары үшін жаңа орынға айналмақ. Мұнда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерудің ресми рәсімдері тұрақты түрде өткізіледі. Болашақта Бейбітшілік аралы аумағында 56 гектар жерді қамтитын Экологиялық парк құру көзделген.
Авторлары: Эльмира Ахметова, Ботакөз Дандыбаева, Мәди Базарбеков
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #жарнама #Семей #рәміздер алаңыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz