Көкшетаудағы «Белсенді ұзақ өмір» орталығында Абай шығармашылығына арналған кездесу өтті. Аталған іс-шара түрлі буын өкілдері мен мәдениет қайраткерлерін біріктірді.
Қатысушылар ұлы ақынның әндерін орындап, өлеңдері мен «Қара сөздерін» оқыды.
Райхан Қажыкенова үшін Абай шығармашылығы – өмірінің бір бөлшегі іспетті. Ол Омбы облысында дүниеге келген. Тарихи Отанына оралғаннан кейін қазақ тілі мен ұлттық мәдени мұрамызды үйрене бастады. Бүгінде ол Абай мұрасын балалары мен немерелеріне насихаттап жүр.
Райхан Қажыкенова, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Өсіп келе жатқан ұрпаққа Абайдың қай сөзі болса да маңызды, тәрбиелігіне, қалыптасуына, өмірге бейімделуіне. Қазір жастар Абайды оқыса, қай жолын оқыса да, өмірге азық алады деп ойлаймын.
Абай мұрасына деген сүйіспеншілік орталыққа келетін өзге де азаматтардың жүзінен байқалып тұрады. Қатысушылар Абай шығармаларындағы құндылық пен олардың жас ұрпақ үшін маңыздылығын талқылады. Кездесуге мәдениет және өнер қайраткерлері қосылып, ақынның танымал әндерін бірге орындады.
Мара Есмұханова, ҚР мәдениет қайраткері:
- Бүгін ерекше әдемі кеш болды. Өйткені залда отырған үлкендерді көріп, өнерсүйер қауым ақынның әнін де, өлеңдері де оқылып, залдан біздің апаларымыз, ағаларымыз ән шырқады. Өте керемет көңілге қонымды болды, әсерлі кеш болды.
Абай шығармашылығына жастар да үлкен қызығушылық танытып отыр. Көкшетауда «Абай дана» облыстық байқауы өтті. Жас қатысушылар ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыды.
Бейбарыс Шалабаев, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Абай атамыздың қара сөздері болсын, өлеңдерін болсын, шамамен 7-8 жасымнан бастап оқи бастадым. Мен Абайдың қара сөздерін оқу арқылы, байқауларға да қатысып, орын алатынмын. Абай атамыздың сөздері ғылым алуға, білім алуға, көкірек көзін ашуға қашан да ізденімпаз болуға шақырады.
Абай күніне арналған онкүндік аясында облыста 200-ге жуық танымдық, мәдени және ағартушылық іс-шара өтті. Оған өңірдің 5 мыңнан астам тұрғыны қатысты.
Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Арайлым Шытырымбек, Виктор Полянный
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Көкшетау #Абай ҚұнанбайұлыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz