Түркістанда Абайдың туған күніне орай тағылымды іс-шара өтті. Жиналған көпшілік алдымен ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Оқушылар ұлы ақынның өлеңдерінен әдеби композиция ұсынды. «Абай әлемі: Ойдан-өнегеге» тақырыбында кітап және сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кемеңгердің өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын әдебиеттер мен көркем туындылар қойылды. Ұйымдастырушылар жиналғандарға «Абай жолы» роман-эпопеясын сыйға тартты. Одан кейін Абайдың рухани мұрасын ұлықтауға арналған іс-шара «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған әдеби-танымдық кешке ұласты. "Ясауи" музейінде өткен жиында Абайдың рухани мұрасын кеңінен насихатталды. Ақынның өнегелі өмірі сахыналық көрініс арқылы баяндалды. Әндері шырқалып, өлеңдері оқылды.
Айгүл Үркімбаева, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері:
- Абай 7 қара сөзінде «Жас бала анадан туған кезде екі түрлі мінезбен туады» дейді. Оның бірі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұл - тән құмарлығы. Екіншісі - үйренсем, білсем, көрсем деп туады. Бұл - жан құмарлығы деп айтады. Жан құмарлығын Абай жоғары бағалайды. Өйткені өзге тіршілік иесінен адамды ақылы, білімі ерекшелендіреді екен. Қорыта айтқанда, Абай жастарды кітап оқуға, ғылым-білімді үйренуге, үлкенді сыйлап, солардан үлгі алуға үйретеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Түркістан #Абай ҚұнанбайұлыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz