RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Қазақстанда студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы толық жойылады

11.08.2026, 15:28 54

Қазақстанда студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығын толық жою жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Соңғы жылдары елімізде 250-ден астам студенттер жатақханасы салынған. Бұл орын тапшылығын алты есеге қысқартуға мүмкіндік берді. Қазір студенттердің 85%-ы жатақханамен қамтылған. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.

Сонымен қатар жастардың білімге деген сұранысы да өзгеріп келеді. Жастардың шамамен 63%-ы жасанды интеллект технологияларын оқуды маңызды деп санайды.

Қазір елімізде цифрлық білім беру бағдарламалары дамытылып, Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылып жатыр. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы аясында IT, инженерия, медицина және жаратылыстану ғылымдары бойынша басым бағыттардың саны артып келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz