Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық сапарын ұйымдастыруға ниетті туристік операторлар арасында конкурс жариялады, деп хабарлайды 24KZ.
Конкурс қажылық және ұмра бағытында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету және қазақстандық қажыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында өткізіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Сонымен қатар конкурсқа қатысушы соңғы 12 ай ішінде ұмра сапарларын тұрақты түрде ұйымдастырғанын құжат жүзінде растауы тиіс.
Бұл ретте туроператордың Сауд Арабиясының уәкілетті ұйымдарымен немесе олардың ресми серіктестерімен қолданыстағы келісімшарттары болуы қажет. Сондай-ақ соңғы бір жылдағы ұмра сапарларын ұйымдастыру тәжірибесін, қажыларды орналастыру, тасымалдау, виза рәсімдеу, гид қызметі және басқа да қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар ұсынылуы керек.
Бұдан бөлек, Қазақстан аумағында халыққа сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін тұрақты кеңсесі болуы міндетті. Оның мекенжайы мен ғимаратты жалға алу немесе иелену құқығын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Тегтер #қажылық сапар #мекке #Медина #ҚМДБ #24жаңалықтар #24KZАталған құжаттар 2026 жылғы 11 тамыздан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2026 жылғы 21 тамызға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туристік оператордың ұсыныстары қаралмайды, делінген хабарламада.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz