Атырау облысының полициясына жасанды интеллект мүмкіндіктерін күнделікті жұмыста тиімді пайдалану жолдары үйретілді.
Алғаш рет ұйымдастырылған арнайы семинар-тренингке қала және аудандық полиция бөлімдерінен 100 қызметкер қатысты. Тәртіп сақшыларына цифрлық технология көмегімен құжат әзірлеу, ақпаратты жүйелеу және ауқымды деректерді жедел талдау тәсілдері таныстырылды. Жаңа технология қылмыстық істерге қатысты мәліметтерді реттеуге, қажетті ақпаратты жылдам өңдеуге, сондай-ақ бейнематериалдарды талдауға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, жасанды интеллектіні тиімді пайдалану полиция қызметкерлерінің уақытын үнемдеп, қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.
Әлия Оспанова, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры:
- Егер де біз қазіргі таңда вайбкодингтң үйренбейтін болсақ, бұл дегеніміз - біз заманауи талаптарға сай емеспіз деген сөз. Полиция қызметкерлеріне вайбкодинг, бұл, біріншіден құжаттармен жұмысты автоматтандыру, екіншіден сұрыптау, анализге мүмкіншілік беру. Үшіншіден, арнайы құралдар істеу. Олар өздері қазір таңда телеграм-боттар болсын, дашборд болсын, порталдары болсын, сайттары болсын, өздері істей алады.
Тегтер #Атырау облысы #жасанды интеллект жылы #полиция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz