RU
Толық нұсқаға өту

Таразда ескі үйлерді тегін жөндеп жатыр

11.08.2026, 20:12 39

Таразда ескі көп қабатты үйлер тегін жөнделіп жатыр.

Бұл бастаманы қалалық әкімдік екі жыл бұрын қолға алған. Сол уақыттан бері 27 үйдің қасбеті жаңарып, шатыры ауыстырылды. Жаңарту жұмыстарын өңірдегі әріптесім Мерей Бает бағалап көрді.

Келбеті түбегейлі түрленіп жатқан бұл баспаналар 1970 жылдары салынған. Содан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қазір сырты фиброцементті панельмен қапталып жатыр. Бұл құрылыс материалы тұрғын үйге тек сән беріп қана қоймай, сонымен қоса қыстыгүні жылумен де қамтамасыз етеді. 

Александр Литвинов орталықтағы осы үйге 20 жыл бұрын көшіп келді. Айтуынша, сол уақыттан бері үйдің қасбетіне қатысты ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Шатыр әбден тозған. Жаңбыр мен қар жауса төбеден су өтіп, тұрғындарға қолайсыздық тудырады. 

Александр Литвинов, қала тұрғыны:

- Біз бұл жөндеу жұмыстарын көптен күттік. Қазір мемлекеттік бағдарламаның арқасында шатыр толық ауыстырылды. Қасбеті де адам танымастай өзгеріп жатыр. Қазір соңғы жұмыстар қалды.  

Қала келбетін бірыңғай сәулетке келтіру жобасы екі жыл бұрын басталған. Осы күнге дейін қала бюджетінен 3,3 миллиард теңге бөлінді. Үйлердің  шатыры ауысып, сырты жаңартылды. Ал биыл 1,5 миллиард теңгеге 9 үй жөнделіп жатыр.

Мақсат Рахымбеков, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:

- 9 үйде әрқайсысында кемі 25-30 адамнан жұмыс істеп жатыр. Бұл жерде сыртқы қабырғаларды қаптаумен бөлек жұмысшылар тобы, шатыр бөлек. Скл Қазіргі таңда жұмыстар 80 пайызға аяқталған. Үйлердің шатыры толық орналастырылған. Сыртқы қабырғаларында майда жұмыстар жүргізілуде. Қазан айында толық аяқталатын болады. 

Жқндеу жұмыстарынан бөлек үйлерге түнгі жарық шамдары орнатылады. Олар қас қарайғанда қосылып, қаланың ажарын ашады. Жалпы шаһардағы 1438 көп пәтерлі үйдің үштен тен бірі қайта жаңғыртуды қажет етеді. 

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz