Бүгін елорда тұрғындарына қоғамдық орындарда тазалық сақтау және бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту қағидаты тағы бір мәрте ескертілді.
Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері бірлескен рейд өткізді. Ататүрік атындағы саябаққа келушілерге арнайы жадынама таратты. Рейд барысында таза ауада демалып, пикник ұйымдастырған азаматтарға үнпарақ үлестірілді. Мамандар тұрғындарға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар суға түсуге тыйым салынған орындарда шомылудың қауіпті екені ескертілді. Тазалық пен қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Абзал Әбілдаев, қалалық ПД Байқоңыр аудандық полиция басқармасы бөлім бастығының орынбасары:
- Таза Қазақстан акциясы бойынша екі бап көзделген. Яғни 505-бап бар, әкімшілік құқық бұзушылық және 434 прим 2-бабы бойынша, яғни қоршаған ортаны ластау кіреді. Айыппұл 10 АЕК көзделген және қоғамдық жұмыс көрсетілген. 505-бап бойынша кәсіпорындарға бөлінеді.
Тегтер #Заң мен тәртіп #тазалық #24KZ #рейдPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz