RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Астана – Қарағанды – Алматы» жолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

12.08.2026, 09:17 32

Алматы облысында республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының жекелеген учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «24KZ».

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 12-20 тамыз аралығында 1121 — 1186 шақырым аралығындағы учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жол жөндеу жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында көлік қозғалысы айналма бағыт бойынша ұйымдастырылады.

Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде қауіпсіздік талаптарын орындауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz