RU
Толық нұсқаға өту

Жантүршігерлік жол апаты: 3 көлік соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты

12.08.2026, 10:37 38

Маңғыстау облысында 3 көлік соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ». 

Жол апаты 11 тамызда Ақтау–Маңғышлақ автожолында болған.    

Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota Sequoia жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Lada Granta және Toyota Camry көліктерімен соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Camry көлігін басқарған 23 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Барлығы 5 адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz