Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласында жүргізушілер арасында болған жол жанжалы түсірілген бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Полицияның мәліметінше, жарияланған бейнекадрларда жанжалға қатысушылардың бірі екінші жүргізушіге күш қолданғаны көрінеді.
Бұл дерек бойынша полиция тарапынан дереу сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында, — делінген хабарламада.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Алматы #полиция #күдікті #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz